«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендерін «Намыс дода» финалын жұлдыздармен бірге тамашалауға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендерін «Намыс дода» финалын жұлдыздармен бірге тамашалауға шақырады

25.12.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендерін «Намыс дода» финалын жұлдыздармен бірге тамашалауға шақырады

Көптен күткен «Намыс дода» ойын-сауық жобасының 2015 жылғы жеңімпазы қай ел болады деген сәтке де жетіп қалдық. 25 желтоқсанда Алматыдағы «Мега парк» ойын-сауық кешенінде бірнеше айдан бері арнайы бағдарламаның тұрақты жанкүйерлері мен көрермендері үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ақтық мәреге жеткен жарысты бірге тамашалау мүмкіндігін ұйымдастырады. Бұл күні жобаға қатысушыларды қолдау үшін отандық эстрада жұлдыздары мен әйгілі спортшылар келеді.

Ұйымдастырушылар келген қонақтарға мерекелі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлайтын болады. «Намыс дода» - спорттық сайыс сонымен қатар ойын-сауықтық бағдарлама да. Сайысқа кәсіби спортшылармен қатар медиа саласының өкілдері және танымал әртістер қатысуда. Сайыс көңілді, қызықты, тартысты, сондай-ақ, қауіпті ойындардан құралған.

Сондықтан да өте жақсы спорттық дайындықты талап етеді. Барлық сайыстарда түрлі қашықтықтарды әртүрлі жануарлардың кейіптерінде жылдамдықта өту керек. Солардың ішінде ең қиыны бұқалармен сайыс, судағы атракциондар мен қашықтықтағы кедергілерден өту.

Биылғы жылы «Намыс дода» сайысында Франция, Қытай, Алжир, Венгрия және Қазақстан өкілдері бақ сынайды. «Намыс дода» жарысына қатысушыларды қолдауға келіп, қыз-жігіттердің ширақ қимыл мен жігерлі әрекеттерінің куәсі болыңыздар.

Іс-шара 25 желтоқсанда сағат 20:00 Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан «Мега парк» ойын-сауық кешенінде өтеді.

Хабарламаларға жазылу