Дубай Жаңа жыл мерекесін атап өтуде ең қымбат қала атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубай Жаңа жыл мерекесін атап өтуде ең қымбат қала атанды

31.12.2015
Дубай Жаңа жыл мерекесін атап өтуде ең қымбат қала атанды

«Travelex» компаниясы Жаңа жыл мерекесін атап өтуде ең қымбат қалалардың тізімін анықтады. Дубай қаласы бұл тізімде топ бастап тұр. Мұнда қала қонақтары Жаңа жыл кешін атап өту үшін шамамен 450 АҚШ долларын жұмсайды екен.

Нью-Йорк қаласы екінші орында тұр. Саяхаттаушылар бұл қалада Жаңа жыл кешін тойлау үшін 426 АҚШ долларын жұмсайды.

Үшінші орында – Париж қаласы. Сондай-ақ, Берлин және Амстердам қаладары да үздік бестікке енеді.

Ал, ең арзан қала – Эдинбург. Мұнда қала қонақтары 195 АҚШ долларына Жаңа жыл кешін мерекелей алады. 

Хабарламаларға жазылу