Бір кездері Алматыға арман қуып келген қазақтың қыз-жігіттері қазір белгілі өнер иелері. Солардың бірі – Жанар Айжанова. Әншіні арманы алдамады. Себебі ол, талғамы – биік, таразысы – бөлек әнші.
Домбыраны ұстазы Тілеуғали Қышқашбаевтен үйренсе, ән айтуда Галина Қарамолдаеваны үлгі тұтады.
«Өнерге танымалдылық үшін келу - үлкен қателік. Алдымен, оны сүю керек. Тележүргізушілікке келу арқылы өнердің жаңа бір саласын игеріп жатқандаймын. Шоу-бағдарламаның да халыққа айтары бар.
Қазіргі кезде киноға шақыртулар түсуде. Қай бағытта ән шырқап, қай салада жүрсем де, домбырамды өгейсітпеймін», дейді әнші.
Бүгін 21:00-де «Дара жол» хабарында әнші, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері Жанар Айжанова қонақта.