Үштомдық романды түрік магистранттары үш жыл ішінде аударып шыққан. Бұл кітап түрік бауырларға 15-19 ғасырлар аралығында Қазақ хандығының тыныс-тіршілігін жақыннан тануға мүмкіндік береді, дейді кітаптың тұсаукесеріне қатысушылар.
Шығарманың қысқаша таныстырылымы оқырмандардың көңілдерінен шықты.
«І.Есенберлиннің кітабында қолданған сөз тіркестерін түрік тіліне аудару өте қиын болды. Майдандағы шайқастар мен адамдардың көңіл-күйлерін, жалпы сл кездегі тұрмыс-тіршілікті керемет суреттеген. Біздің аудармашылар жазушының ешбір сөзін бұрмаламай оқырманға түпнұсқадағыдай жеткізуге тырысты. Бұл кітап екі елдің әдеби байланысының көпірі деуге болады», дейді Орду университетінің профессоры, аудармашы Исмаил Доған.