Алматыда Ілияс Есенберлин шығармашылығына арналған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ілияс Есенберлин шығармашылығына арналған көрме ашылды

25.10.2021

Алматыда көрнекті қаламгер Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына арналған көрме ашылды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шарада жазушының 6 томдық жинағы таныстырылды. Сондай-ақ биыл «Көшпенділер» трилогиясының жарыққа шыққанына 50 жыл толып отыр. Көрмеде Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін фотоматериалдар мен құжаттар ұсынылды. Оның ішінде қаламгердің марапаттары, құнды қолжазбалары және атақты тұлғалармен жазысқан хаттары бар. Шараға қатысқан тарихшылардың айтуынша, қазір жазушының 7 том академиялық басылымы дайындалып жатыр.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу