Қарағандыда «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді

08.12.2015
Қарағандыда «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді

10 желтоқсанда Қарағандыда студенттер арасында «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналған.

Жиын «Білім, ғылым және өндірістің бірігуі негізінде техникалық және кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету құрылымы» атты ІҮ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде өткізілмек.

Мақсат - Ұлы даладан бастау алатын - Мәңгілік Елдің өткені мен келешегі туралы болашақ жастардың зерделі ойларын ортаға салу және өзекті мәселелерді анықтау және талқылау.

Конференцияның міндеттері: ғылыми ақпараттарды талдау және зерттеу қабілеттерін жетілдіру; өскелең ұрпақты зерттеу жұмыстарына тарта отырып, оларды жаңашылдыққа үндеу, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, өзіндік жұмысқа машықтарын жетілдіру.

Шара барысында қамтылатын негізгі  бағыттар:

1. «Елбасы жолы – дамудың жарқын кепілі» (Елбасының өнегелі өмір жолы, экономикалық – әлеуметтік дамуындағы тың бастамалары);

2. «Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің кепілі» (ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық және этносаралық келісім қағидалары негізінде);

3. EXPO – 2017 көрмесі - Қазақстан үшін елдің экономикасы мен білім саласының дамуындағы елеулі табысы (білім, ғылым, ізденістер мен оқытудың жаңаша технологиялары жөнінде).

Айта кету керек, конференция жұмысына айтылған тың ұсыныстар мен ой-пікірлер арнайы жинақ болып шығарылады.

Фото: panoramio.com

Хабарламаларға жазылу