Астанада «Байырғы түркі құндылықтары-2017» атты халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Байырғы түркі құндылықтары-2017» атты халықаралық конференция өтті

18.05.2017

Астанада «Байырғы түркі құндылықтары-2017» атты халықаралық ғылыми-теориялық-практикалық конференция өтті. Шара белгілі түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының 70 жылдық мерейтойына арналған. Конференцияның мақсаты  - қазіргі түркітанудың өзекті мәселелерімен болашақ даму бағыттарын зерделеу. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» сынды жобаларға ғылыми тұрғыдан үлес қосу. Жиын барысында түріктанудың өзекті мәселелері талқыланып, мәдени-тарихи құндылықтардың ғылыми зерттеулерінің ұтымды бағдарламасын жасау керектігі айтылды.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу