Көкшетаулық Бәтима Әшірбекқызы Мағжан Жұмабаевтың қасқыр ішігін әлі күнге дейін сақтап келеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық Бәтима Әшірбекқызы Мағжан Жұмабаевтың қасқыр ішігін әлі күнге дейін сақтап келеді (ВИДЕО)

07.12.2015
Көкшетаулық Бәтима Әшірбекқызы Мағжан Жұмабаевтың қасқыр ішігін әлі күнге дейін сақтап келеді (ВИДЕО)

Мағжан Жұмабаев - тарихта қалған ақтаңдақтардың бірі және бірегейі. Кесек-кесек жыр шумақтарын тудырған ақын - Абай Құнанбаевтан кейінгі әдебиет реформаторы. Ақынның рухани мұрасы ел жадында сақталып қалғанымен, оның жеке өмірі туралы деректер аз.

Көкшетау қаласының тұрғыны Бәтима Әшірбекқызы оның киген қасқыр ішігін күні бүгінге дейін сақтап келеді. Мағжан Жұмабаев пен Бәтима Әшірбекқызының анасы туысқан болған. Алаш ардақтысы Омбыда оқып жүрген кезінде Әшірбек ақсақалдың үйінде түстеніп, аралас-құраластығы жарасып кетеді.

Ақын қасқыр ішіктің терісін Ленинград қаласынан сатып әкеліп, елдегі Кенжетай деген шеберге тіктіреді. Кейін ақын қуғынға ұшырап, елде дүрбелең орнаған кезде ішікті Әшірбек ақсақалға сыйға тартқан. 

Қасқыр ішік қарияның үйінде 1959 жылға дейін төрт құлақты сандықта тығулы жатады. Сол жылы Бәтима Әшірбекқызының жолдасы диплом алып келіп, оны қайын атасына көрсетуге барғанда киелі қасқыр ішікті күйеу баласының иығына жауып, аманат етіп табыстайды. «Осы күнге дейін ішіктің бір түймесін де қайта қадаған емеспін», дейді Бәтима Әжей.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу