Петропавлда Мағжан оқулары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда Мағжан оқулары өтті

09.04.2018

«Жыр жұлдызы Мағжан поэзиясы – ұлттық руханият негізі» атты әдеби байқау ақиық ақынның 125 жылдығына арналды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шара теріскей мен Көкшетау және көршілес Омбының жас ақындарының басын қосты. Қатысушылар ақын шығармашылығына баяндама арнап, өлеңдерін оқыды. Мағжанның шығармаларын көршілес Ресейдің жастары да, өңірде тұрып жатқан өзге этнос өкілдері де сүйіп оқитынын аңғартты.

Гүлжанат Нәдірхан, байқауға қатысушы:

- Мағжанды өзіме жақын тұтамын. Мағжан Жұмабаевтың көптеген өлеңдері қараңғылықты жойып, күн болсам деп қараңғылықты жеңу деген негізгі мақсатқа толы. Өлеңдерін оқып, жастарға сенетінін, бізге сенім артатынын айтады. Мен де өзім Мағжан сияқты ақын болғым келеді.

 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу