«Ұлттың ұлттығын ұлықтайтын, оның ұлттық жанын сақтайтын – әйел». Бұл – Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың сөзі. Оның әр сөзі жастарға өнеге. Инабаттылық пен кішіпейілділік сияқты қасиеттерді жас ұрпаққа насихаттаған Зейнеп апай дәстүр жалғастығы, бабалар аманаты үзілмесе екен, дейді.
«Атаның маған айтқан әңгімелерінің барлығы кейінгі ұрпаққа қалдырған аманаты. Мен соны ішімде тұншықтырмай, өсіп келе жатқан жастарға атаның өсиеті ретінде айтып қалуға тырысамын»,-дейді жазушы-этнограф.
Зейнеп Ахметова құтты шаңырақтың келіні болуды – жауапкершілік әрі абырой деп ұққан жан.
Жазушының жастармен кездесудегі айтқандарын толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.