Алматыда 2-3 желтоқсанда «Echelon Central Asia – 2015» стартап-конференциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 2-3 желтоқсанда «Echelon Central Asia – 2015» стартап-конференциясы өтеді

02.12.2015
Алматыда 2-3 желтоқсанда «Echelon Central Asia – 2015» стартап-конференциясы өтеді

«Echelon» бұл Оңтүстік-Шығыс Азиядағы  ірі конференциялар сериясы. Бес жыл  ішнде  іс-шара өңірдегі ең үлкен және беделді оқиғалардың бірі болып технологиялық бизнес пен инвесторларды біріктіре алды. Әр жылы шамамен 2 мың интернет-бизнестердің негізін қалаушылар, венчурлық инвесторлар, журналистер мен өңірлік көшбасшылар инновациялық бизнес идеялар мен дәстүрлермен танысу үшін бір жерге жиналады. Биылғы жылы  Echelon  алғаш рет Орталық Азияда өтеді.

Іс-шараның мақсаты – стартаптар саласында Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияны біріктіру, Азия нарығы үшін әлеуетке ие қазақстандық жоғары технологиялық жобаларға салынатын инвестициялардың келешегін бағалау. Осы мақсатта Алматыға венчурлық қорлар мен акселераторлардың өкілдері келеді. Олардың арасында Golden Gate Ventures, Ardent Capital, KK Fund, MaGIC Малайзия инвестициялар агенттігі, Merah Putih Incubator, 500 Startups және тағы басқалары бар.

Хабарламаларға жазылу