Англиялық бағбан Джо Атертон ең ұзын қызылша өсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Англиялық бағбан Джо Атертон ең ұзын қызылша өсірді

21.11.2015
Англиялық бағбан Джо Атертон ең ұзын қызылша өсірді

Англияның Ноттингемшир графствосының тұрғыны Джо Атертон ең ұзын қызылша өсіріп шығарды. Ұзындығы 7,21 метрді құрайтын өнім Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Өсімдіктерді күтіп-баптаудың шебері, зейнеткер қарияның бұл - үшінші рекорды. Бұған дейін ең үлкен сәбіз, тамыры дәрі өсімдік - ең үлкен ботташықты (пастернак) өсіріп шығарған.

Бағбан аса зор көкөністерді арнайы тыңайтқыш қоспалардың арқасында өсіретінін жасырмайды. 

Джо Атертон -  бұрынғы шахтер, қазіргі алты немеренің атасы. Ол өзінің таңғаларлық алып өсімдіктер топтамасын Ворксте өткен ауылшаруашылық көрмесінде ұсынған.

 

guinness-records.info 

Хабарламаларға жазылу