Ағылшындар ең қымбат құрама атанып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағылшындар ең қымбат құрама атанып отыр

18.11.2022

Англия командасы биылғы әлем чемпионатындағы ең қымбат футболшылар құрамасы атанып отыр. Қатарға келетін ағылшын ойыншыларының жалпы құны 1 жарым миллиард еуроны құрайды. Қымбат аяқдопшылар құрамасы рейтингінде Франция мемлекеті екінші, Бразилиялықтар үшінші орында. Ал Джуд Беллингем ең қымбат ойыншы аталды. Англиялық 19 жасар жартылай қорғаушының трансфері 202 миллион еуро. Осылайша ол бразилиялық Винисуис Джуниор мен француздық Килиан Мбаппені басып озып отыр. 

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу