Елорда көшелеріне биыл 9 миллионнан астам түп гүл егіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда көшелеріне биыл 9 миллионнан астам түп гүл егіледі

14.05.2015
Елорда көшелеріне биыл 9 миллионнан астам түп гүл егіледі

Елорда көшелерінде қаланы көгалдандыру жұмыстары басталып  кетті.

2000 жылдары Астанаға алғаш 800 мың түп гүл отырғызған ұжым биыл 9 миллион 200 мыңнан астамын баптап өсірді. Оның арасында жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы жеткізілгендері де бар.

Мамандар биыл жалпы аумағы 164 мың шаршы метр жерге гүл егеді. Бір бағбан тәулігіне 12 сағат жұмыс істеп, 3 мың түпке дейін отырғызады.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу