Түркия полициясы қолға түсірген азаматтан 100 келі жарылғыш зат табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия полициясы қолға түсірген азаматтан 100 келі жарылғыш зат табылды

20.11.2015
Түркия полициясы қолға түсірген азаматтан 100 келі жарылғыш зат табылды

Анкараның Қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 100 келі нитрометанды тауып, тәркіледі.

CNN Turk телеарнасының хабарлауынша, бұны жарылғыш ретінде пайдалануға болады және ол полицияның мәліметтері бойынша, Күрдістанның жұмысшы партиясының экстремистеріне тиесілі.

Нитрометан баллондарға құйылып, Анкарадан 80 километр жердегі Полатла уезінің аймағында жерге көміліп тасталған. Осыған дейін билік өкілдеріне Күрдістанның жұмысшы партиясы өкілдерінің осы аймақта жарылғыш заттарды жерге көмілгені туралы ақпарат  түскен болатын.   

Бұл жерді құзырлы орган өкілдері партияның мүшелерінің бірі К.Исмаил атты азаматты ұзақ уақыт бойы аңдығаннан кейін анықтаған. Ол нитрометан құйылған баллондарды қазып алмақ болған. 

Экстремист тұтқындалып, түрмеге тоғытылды.  

10-қазан күні Анкарада Түркия тарихындағы ең ірі жарылыс болды. «Ислам мемлекеті» ұйымымен байланысы бар өлімге бас тіккен екі азамат темір жол вокзалының маңындағы митинге қатысып жатқан азаматтардың арасында өздерін жарып жіберді. Соның салдарынан 100 адам мерт болып, 300 адам жарақат алды.

Хабарламаларға жазылу