Канадада полициямен атыста қаруланған екі ер адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада полициямен атыста қаруланған екі ер адам мерт болды

29.06.2022

Канада полициясы банктердің біріндегі атыста қарсылық көрсеткен екі қарулы ер адамды атып тастады. Саанич қаласында болған оқиға кезінде 6 тәртіп сақшысы жараланған. Күдіктілердің көлігінен жарылғыш зат табылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, полиция осы оқиғаға қатысы бар үшінші күдіктіні іздестіріп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу