Нигерияда болған терактілерден бір тәулікте 50-ге жуық адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда болған терактілерден бір тәулікте 50-ге жуық адам мерт болды

19.11.2015
Нигерияда болған терактілерден бір тәулікте 50-ге жуық адам мерт болды

Террористердің шабуылдарының салдарынан Нигерияда бір тәулікте 49 адам мерт болды. Ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Associated Press.

Полиция Нигерияның Кано қаласында өлімге бас тіккен екі әйелдің өздерін жарып жіберіп, 15 адамды мерт қылғандығын мәлімдеді. Осы оқиғаның салдарынан тағы 53 адам дене жарақатын алған. 

Төтенше жағдайлар агенттігінің мәліметтерінше, электроника базарында болған жарылыстардан 100-ден астам адам зардап шекті. 

Тағы бір теракті Нигерияның солтүстік-шығысындағы Йола қаласында базар мен жүк көліктерінің жүргізушілері демалатын орында болды. Онда 34 адам мерт болып, 80 адам зардап шекті.  

Билік өкілдері бұған Боко Харам әскерлерін кінәлап отыр.

Осыған дейін Нигерияның Қарулы Күштері Боко Харам ұйымының лагерьлеріне сәтті рейд жүргзгендерін хабарлаған болатын. Арнайы операция барысында кепілге алынған 300-ден астам адам босатылған. 

Хабарламаларға жазылу