Пәкістанда Айт мерекесінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда Айт мерекесінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

26.06.2017

Пәкістанда Айт мерекесінде қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді. Сондықтан, мұсылмандар мешіттерге кірерде полицияның тексеруінен өтуі тиіс. Сақтық шараларының күшейтілуіне соңғы күндері шабуылдардың жиілеп кетуі себепші.

Мәселен, маусымның 23-де Парачинар қаласының базарында жарылған бомбадан 50-ге жуық адам мерт болды. Ал, кеше мұнай таситын апатқа ұшырап, 150-ден астам кісі қаза тапты. Сонымен қатар, солтүстік-батыстағы бір ауылда 6 бала бомбаға тап болып, жан тәсілім етті. 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу