ҚР СІМ француз халқына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР СІМ француз халқына көңіл айтты

14.11.2015
ҚР СІМ француз халқына көңіл айтты

Қазақстан Париждегі лаңкестік әрекетті айыптайды және қандай жағдайда да террорлық әрекеттің пайда болуына көз жұма қарауға болмайтындығын мәлімдеді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Біз француз халқына, еш кінәсі жоқ бейбіт жүздеген халықтың қаза болуына байланысты олардың туғандары мен бірге қайғыра отырып, оларға көңіл білдіреміз.

Қазақстан БҰҰ терроризм мен экстремизммен күрес аясында барлық халықаралық қауымдастықтың күшін қолдайтынын хабарлайды және  барлық адамзат күштерінің бірігуі арқылы ғана зұлымдықтың тамырына балта шаба алатынымызға сенімдімін. Осындай мақсаттарға қол жеткізу жолдарының бірі БҰҰ аясында террорға қарсы жаһандық желі мекемесін құру болар еді», - деліген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу