Матчты көруге Франция президенті Франсуа Олланд келген. Президентті қауіпсіздік қызметінің адамдары шұғыл жағдайда қауіпсіз жерге шығарды.
Француздық БАҚ Батаклан театрында кемінде 100 адам кепілдікке алынғанын хабарлады. Ол жерде америкалық рок-топ Eagles of Death Metal өнер көрсетіп жатқан. Үш лаңкестің көзі жойылды.
Париж мэриясы лаңкестік әрекет салдарынан жалпы саны 140 адам қазаға ұшырады деген ақпаратты растады, деп жазады ТАСС.
ҚазАқпарат.