Пәкістанда тасқыннан қаза тапқандар саны 86 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда тасқыннан қаза тапқандар саны 86 адамға жетті

12.07.2023

Пәкістанда маусымның 25-нен бері тасқыннан қаза тапқандар саны 86-ға жеткен. 151 адам жараланды. Бұл туралы елдің Табиғи апаттармен күрес басқармасы мәлімдеді. Үздіксіз нөсерден әсіресе Пенджаб провинциясына орасан шығын келген. 100-ге жуық баспана қирап, үй жануарлары қырылып қалды. Құтқару операцияларына үкімет, коммерциялық емес ұйымдар мен еріктілер тартылған.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу