Жарылғыш затты өлімге бас тіккен террорист іске қосуы мүмкін деген болжам бар.
Жарылыс жұма күні Ирак астанасы Бағдаттың оңтүстік-батысында болды. Оның салдарынан 18 адам мерт болып, 41 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті полиция мен медицина мекемелеріне сілтеме жасай отырып, Рейтер агенттігі хабарлады.
Агентік мәліметтерінше, жарылысты өлімге бас тіккен террорист жасаған. Әзірге жарылысты террористік ұйымдардың ешқайсысы мойындарына алған жоқ.
Иракта елдің біраз бөлігін басып алған «Ислам мемлекеті» ұйымының әрекеттеріне байланысты жағдай әбден шеиіленіскен. Содырлар оқтын-оқтын шабуылдар мен террористік актілер ұйымдастырып тұрады. Оның салдарынан негізінен бейбіт тұрғындар зардап шегуде.
Үш жыл ішінде террористер Ирак пен Сирияның айтарлықтай бөлігін басып алған. Бұған қоса, олар өздерінің ықпалдарын Солтүстік Африка мемлекеттерінде, нақтырақ айтқанда Ливияда жүргізбекші.
Түрлі мәліметтер бойынша, «Ислам мемлекеті» ұйымының бақылауындағы аймақ 90 мың шаршы километрді алып жатыр.
Экстремистік ұйымның өкілдерінің саны да 50-ден 200 мыңның аралығында.