Маңғыстауда кен орнындағы жарылыстан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда кен орнындағы жарылыстан бір адам қаза тапты

02.05.2023

Маңғыстаудағы кен орнында жарылыс болып, бір адам қаза тапты.

Қайғылы жағдай Жетібай кен орнында монтаждау жұмыстары кезінде болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Жетібаймұнайгаз мекемесінде бұрғылау-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болған. Салдарынан газ-электр дәнекерлеуші, Қазақстан азаматы оқиға орнында мерт болды. Ал бұрғылау қондырғысының шебері, Қытай азаматы басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Аягөз Оралбай

Хабарламаларға жазылу