Ауғанстанның солтүстігінде жарылыстан кемінде 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанның солтүстігінде жарылыстан кемінде 7 адам қаза тапты

06.12.2022

Ауғанстанның солтүстігінде жол бойында кенеттен бомба жарылып, кемінде 7 адам қаза тапты. Оқыс оқиға Мазари-Шариф қаласында болды. Ажал құшқандардың барлығы – мұнай компаниясының жұмысшылары.

Ешбір ұйым әзірге шабуылды өз мойнына алған жоқ. Айта кетсек, өткен айда осы маңда, яғни Балх провинциясымен шектесетін Саманган аймағындағы Айбақ қаласында мектепте жарылыс болған еді. Ол кезде 19 адам қаза тапқан болатын. Ал мамыр айында тағы бір жарылыс болып, 9 тұрғынның өмірін қиған еді . Бұған қатысты жауапкершілікті тәліптердің басты қарсыласы - «Даиш» қарулы тобы мойнына алған.


Хабарламаларға жазылу