Қазір таңда «БелАЗ-75710» карьерлі жүк көлігі әлемдегі ең үлкен көлік болып саналады. Ол Беларусьтегі арнайы ауыр техника шығаратын «БелАЗ» зауытында жасалған.
Зауыт мамандары техникалық инновацияларды қолдана отырып көліктің жүк көтеру мүмкіндігін біршама арттырған. Мысалы, БелАЗ бортына 450 тонна жүк көтере алады. Бұл осы типтес басқа көліктерге қарағанда 87 тоннаға артық.
Жалпы «БелАЗ-75710» жүк көлігінің өз салмағы 810 тоннаға тең. Осыған қарамастан ол сағатына 64 шақырым жылдамдықпен жүре алады.
БелАЗ-дың дөңгелектерін екі дизельді генератор қуаттандыратын электрмоторлар арқылы қозғалады. Ал, жүк көлігінің қуаттылығы 4600 ат күшіне пара-пар. Осылайша «БелАЗ-75710» жүк тасымалдайтын көлігі Гиннес рекордтар кітабына «әлемдегі ең қуатты» көлік ретінде де кірді.