Биыл ОҚМУ-нің хореография кафедрасының құрылғанына — 30 жыл. Мерейтой құрметіне орай Мемлекеттік жоғары оқу орнында мың бұралған бишілердің байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды otyrar.kz. Халықаралық додаға жергілікті және өзге де облыстағы би топтарымен қатар шетелдік білікті ұжымдар шақырылған.
Қазіргі уақытта 25 үміткер өнер сайысына қатысып, бақтарын сынап жатыр. Өнерпаздардың талантын білім саласының құрметті қызметкері, ҚР Халық әртісі Шара Жиенқұлованың шәкірті Ғаникамал Бейсенова төрағалық ететін қазылар алқасы бағалауда. Айта өтейік, 30 жылдық тарихы бар хореграфия кафедрасы 300-ден астам шәкіртті түлеткен. Бүгінде 45 студент кәсіби би саласын меңгеріп жатыр.