Би фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Би фестивалі басталды

21.06.2014
Би фестивалі басталды
Астанада жазғы би фестивалі басталды. Оны «Астана Опера» театрының ұжымы ұйымдастырып отыр. Бүгінгі фестиваль латын-америкалық би мәдениетіне арналыпты.
 
Басты мақсат - жастарды, өскелең ұрпақты өнерге баулу. Енді 2 ай бойы елорда тұрғындары мен қонақтарына би студиялары мен мектептердің шәкірттері түрлі концерттік бағдарламасын арнайтын болады.
 
Марал Кәми,ұйымдастырушы:
«Өнерліге өріс кең». Айына екі рет демалыс күндері осы фестивальді ұйымдастыратын боламыз. Бұл жақсы дәстүрге айналады, деп ойлаймын. Біздің көздегеніміз - Астанадағы барлық би ұжымдарын біріктіру. Айта кетерлігі, мұнда кез келген адам қатысып, би билеуге мүмкіндік алады.
 
Шырақ БАЙКЕНОВА

Хабарламаларға жазылу