«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 2015 жылдың 30-қазанынан бастап, кейбір «Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды, деп жазады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, №90 «Қызылорда - Астана» пойызына (Қызылордадан шыққанда) 20 пайыз көлемінде жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек келесі пойыздарға аптаның әр күндеріне орай төмендегідей жеңілдіктер белгіленді:
-№1 «Алматы - Астана» және №701 «Алматы - Петропавловск» пойыздарына аптаның жұма мен сенбі күндері 15 пайыз жеңілдік қарастырылған;
- №2 «Астана - Алматы» және №702 «Петропавловск - Алматы» пойыздарына аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері 10 пайыз жеңілдік қарастырылған;
- №67 «Защита - Астана» дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері 15 пайыз жеңілдік қарастырылған;
- №68 «Астана - Защита» дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 15 пайыз жеңілдік қарастырылған.
Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 тобына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:
1) «Құрмет» -60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30 пайыз;
2) «Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30 пайыз;
3) «Саяхатшы» -тұрақты жолаушылар үшін 10-20 пайыз.