Елордада Халықаралық қоғамдық көлік одағының кеңсесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Халықаралық қоғамдық көлік одағының кеңсесі ашылады

28.10.2015
Елордада Халықаралық қоғамдық көлік одағының кеңсесі ашылады

Халықаралық инвестициялық форум аясында «ASTRA» (Astana Transport Authority) қалалық транспорттық басқару компаниясының таныстырылымы өтті. Өнеркәсіптің негізгі бағыттары көлік, көлік жоспарлау, көлік инфрақұрылымы және көлік кешенін басқару.

Компания бақылауында қоғамдық көлік түрлері, атап айтқанда, LRT, қалалық автобустар, қала маңындағы және мектеп автобустары, қалалық такси және автотұрақ жүйесі болады, деп жоспарлануда. Халықаралық тәжірибеге негізінде басқарушы компанияны қалыптастыру - көліктің барлық түрлерін біріңғай жоспарлап, басқаруға және көлік жүйесінің интеграциясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Біз бірқатар көліктік жобаларды қамтитын бірегей холдинг құру және біріңғай басқару операциялары туралы айтып отырмыз. Инвестициялық форумға қатысты, қазіргі уақытта жүзеге асырылып келе жатқан көлік кешені форматын инвестициялау үшін тартымды етіп көрсету біздің мақсатымыз болып отыр»,- дейді «Астана LRT» ЖШС транспорт бойынша директоры Рустам Халилев.

Мұндай компаниялар әлемнің 40-тан астам елдерінің ірі қалаларында, соның ішінде Нью-Йорк, Стамбул, Париж, Дубай, Чикаго, Милан, Сингапур, Гонконгта бар. Халықаралық инвестициялық форумның бірінші күнінде қоғамдық көлік саласының сарапшысы Франко Гацотти және Халықаралық одақтың бірінші хатшысы Мохамеда Мезгани «Тарифтік саясат» және «Жолақыны электрондық жүйемен төлеу» тақырыптары бойынша семинар өткізді.

Айта кету керек, ертең елордада (UITP) Халықаралық қоғамдық көлік одағының кеңсесі ашылуы туралы келісімшартқа қол қою рәсімі өтеді.

astana.gov.kz

 

Хабарламаларға жазылу