Маңғыстау облысында жыл басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасты

21.10.2015
 Маңғыстау облысында жыл басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасты

Оның сөзінше, 12-16 қазан аралығында жұмыспен қамту органдары тарапынан 436 жұмыссыз азаматтың мәселесін шешу бойынша тиісті шаралар қолға алынған, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Ақпарат орталығының өкілдері.

«Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдары 7 мың 969 азаматты жұмысқа тұрғызған. Тұрақты және жаңадан құрылған жұмыс орындарына, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен бизнес өкілдерінің бастамалары бойынша 2 мың 870 адам жұмысқа орналастырылды. 1 мың 224 маңғыстаулық әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. 1 мың 239 орта және жоғары оқу орнының түлектері жастар тәжірибесі негізінде жұмыспен қамтылып, олардың жалақылары жергілікті және республикалық бюджеттерден төленетін болады. Қоғамдық ақылы және маусымдық жұмыстарға 2 мың 636 жұмыссыз тартылды»,-деді Гүлмира Қалмұратова.  

 

Хабарламаларға жазылу