Нобель сыйлығының тарихы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель сыйлығының тарихы (ВИДЕО)

21.10.2015
 Нобель сыйлығының тарихы (ВИДЕО)

Альфред Нобель – Швеция астанасы Стокгольмде дүниеге келген. Ол отбасындағы 8 баланың үшіншісі болған.

1842 жылы әкесі Санкт-Петербург қаласына көшіп келеді. Бірақ Альфред 16 жасқа толғанда оны Еуропаға жібереді.

2 жылда ел аралап келген Альфред бірден отбасылық фабрика ашуға ниеттенеді. Осылайша, орыс әскерлеріне қару-жарақ жасайтын шағын зауытын ашады.

Дегенмен, Ресейдегі төңкерістердің салдарынан отбасылық бизнесі банкротқа ұшырап, Альфред әкесімен бірге Швецияға қайтады.

1868 жылы Альфред Нобель динамит жасауға патент алады. Жарылғыш құрылғыға қызығушылық танытқандар саны күн санап өседі.

Дегенмен, зауытта болған жарылыстың бірінде Нобельдің Эмиль атты інісі және бірнеше жұмысшы қаза табады.

Альфред Нобель өнертапқыш қана емес, ол шығармашылықпен де айналысқан. Оның қаламынан 4 актілі «Немезида» атты пьесса жарық көрген.

Нобель 63 жылдық ғұмырында 355 өнертабысын  5 түрлі елде патенттеген.

1901 жылдан бері жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік салаларында елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға Нобель сыйлығы беріледі.

Нобель сыйлығы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу