Клара Төленбаева: Сырнайды Иманғали Тасмағамбетов сыйға тартқан (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Клара Төленбаева: Сырнайды Иманғали Тасмағамбетов сыйға тартқан (ВИДЕО)

09.10.2015
Клара Төленбаева: Сырнайды Иманғали Тасмағамбетов сыйға тартқан (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаева қонақ болды. Сұхбат барысында ол  өзіне сыйға тартылған сырнайлар туралы әңгімеледі.

«Студент кезімде  Қызылорда өңірінің Шиелі ауданында сырнаймен ән айту және Нартай мектебін насихаттаушы Құрманбек Бекпейісов сыйға тартқан сырнаймен сахнаға шықтым. Бұл сырнайды  Нартай атамыз ұстаған деседі. Тарихи жәдігерді  маған аманат етті», - дейді әнші.

Ал, бүгінгі таңда сахнаға алып шығатын сырнайды Иманғали Тасмағамбетов сыйлаған  екен.

«Қазір ұстап жүрген сырнайым да ерекше. Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-министр  кезінде Тәуелсіздік мерекесіне арналған үлкен концерт өтті. Сол кезде Иманғали Тасмағамбетов «сенің сырнайың көне екен, басқа сырнай керек пе?» деп, ұсыныс білдірді. Ресейдің Воронеж қаласынан арнайы тапсырыспен жасатып, осы сырнайды  маған сыйға тартты», - деді Клара Төленбаева.

Әнші сұхбат барысында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Кентау Назарбектің «Үш бақытым» әнін орындады. «Таңшолпаннан» көріңіз! 

Хабарламаларға жазылу