Әскердің жауынгерлік әзірлігі кенеттен тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскердің жауынгерлік әзірлігі кенеттен тексерілді

22.11.2014
Әскердің жауынгерлік әзірлігі кенеттен тексерілді

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің жай-күйіне күтпеген тексеру жүргізді.

Тексеру барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, Аэроұтқыр әскерлер мен Әуе қорғанысы күштері дабыл бойынша көтеріліп, жоспарланбаған аудандарға шығарылды.

Жасалған екі күндік тексеру барысында құрамалардың ұтқырлығы және олардың алыс қашықтықтарға күштерді жедел жеткізуге қабілеттілігі тексерілді.

«Жоспардан тыс тексерулер бүгінгі таңда армияның жауынгерлік әзірлігін тексерудің ең тиімді әдісі болып отыр», - деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

 

Хабарламаларға жазылу