«Талғар» тарихи қалашығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талғар» тарихи қалашығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақталады

21.11.2016
«Талғар» тарихи қалашығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов пен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокованың Париждегі кездесуінде белгілі болды.

Кездесу аясында Жібек жолының алғашқы Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі 8 қазақстандық ескерткішті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақтау жөніндегі келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетовке аталған нысанды бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосу туралы сертификат тапсырылды.



Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу