Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде. Дүбірлі тойдың ашылу салтанаты Орталық стадионда ұйымдастырылды. Мерекеге шетелден 5 мыңға жуық қонақ келген.
Шара барысында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ұлы дала елі» атты тарихи-мәдени экспедиция Таразға келіп жетті.
Мерекелік шаралар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.