Алма Алтыбаева: ««Атамекен» этномемориалдық кешенін жыл сайын 30 мыңнан астам адам келіп тамашалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алма Алтыбаева: ««Атамекен» этномемориалдық кешенін жыл сайын 30 мыңнан астам адам келіп тамашалайды

10.09.2015
Алма Алтыбаева: ««Атамекен» этномемориалдық кешенін жыл сайын 30 мыңнан астам адам келіп тамашалайды

8 қыркүйекте этномемориалдық кешеннің 14 жылдық мерейтойы аталып өтті. Сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 ««Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені - жас ұрпаққа еліміздің әр аймағындағы құнды дүниелерді бір орталықтан көрсету мақсатында ашылған.

Бүгінгі күні орталық Қазақ хандығының 550 жылдығына және EXPO-2017 көрмесіне байланысты жәдігерлермен толықтырылды», дейді Алма Қуандыққызы.

Жыл сайын мұнда 30 мыңнан астам адам келеді. Алма Алтыбаеваның айтуынша, болашақта кешендегі макеттер мен құнды дүниелерді мүмкіндігі шектеулі жандардың келіп тамашалауына жағдайлар жасалмақ. 

11 қыркүйекте орталықта «Қымыз - батыр сусыны» атты мерекелік шара өтеді. Іс-шара барысында келген тұрғындар мен қала қонақтарына ұлттық сусын тегін таратылмақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.  

Хабарламаларға жазылу