Бүгін «Намыс дода» спорттық-көңілашар бағдарламасы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Намыс дода» спорттық-көңілашар бағдарламасы эфирге шығады

02.10.2015
Бүгін «Намыс дода» спорттық-көңілашар бағдарламасы эфирге шығады

«Намыс дода» спорттық-көңіл ашар бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпіріне таралатын 50 жылдық тарихы бар жоба. Ұйымдастырушылар бәйгенің ойындарын жылда жаңалап отырады. Көбіне жаңадан құрылған ойындар «Намыс дода» сайысы өтетін елді мекенге сай ойластырылады.

Биылғы жылы «Намыс дода» сайысына 5 мемлекеттің құрамасы қатысуда. Олар: Қазақстан, Қытай, Алжир, Франция және Венгрия мемлекеті. Сайыс 7 айналымнан тұрады.

Әр айналымда құрамаларға алтын, күміс, қола және шоколад алқалар берді. Алтын медаль ұпайы 3, күміс 2, ал, қола жүлде ұпай саны 1. Шоколда алқа ұтқан құрамаға ұпай берілмейді. Бұрынғыдай ең соңғы «Чемпиондар тақтасы» айналымы шешуші айналым болмай қалды. Тек өзге айналымдардан онда берілетін ұпай сандарымен ерекшеленді. 13 кездесуден кейін жалпы ұпай саны саналып ең көп ұпайы бар құрама 2015-жылдың чемпионы атанып кубокқа ие болады.

Жобаның жүргізушілері – Нұрлан Қоянбаев пен Асхат Садырбай.

«Намыс дода» спорттық-көңіл ашу бағдарламасын әр жұма сайын сағат 21:05-те тамашалай аласыз.

Хабарламаларға жазылу