«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендерін «Намыс дода» финалын жұлдыздармен бірге тамашалауға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендерін «Намыс дода» финалын жұлдыздармен бірге тамашалауға шақырады

22.12.2015
«Қазақстан»  Ұлттық телеарнасы көрермендерін «Намыс дода» финалын жұлдыздармен бірге тамашалауға шақырады

Көптен күткен «Намыс дода» ойын-сауық жобасының 2015 жылғы жеңімпазы қай ел болады деген сәтке де жетіп қалдық.

25 желтоқсанда Алматыдағы «Мега парк» ойын-сауық кешенінде бірнеше айдан бері арнайы бағдарламаның тұрақты жанкүйерлері мен көрермендері үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ақтық мәреге жеткен жарысты  бірге тамашалау мүмкіндігін ұйымдастырады.

Бұл күні жобаға қатысушыларды қолдау үшін отандық эстрада жұлдыздары мен әйгілі спортшылар келеді. Ұйымдастырушылар келген қонақтарға мерекелі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлауға уәде береді.

«Намыс дода» - бұл спорттық сайыс болғанымен, сонымен қатар ойын-сауықтық бағдарлама. Бұл тартыста кәсіби спортшылар мен қатар, медиа саласының өкілдері мен танымал әртістер қатысуда. Сайыс көңілді, қызықты, тартысты, сондай-ақ, қауіпті ойындардан құралған. Сондықтан да өте жақсы спорттық дайындықты талап етеді. Барлық сайыстарда түрлі қашықтықтарды әртүрлі жануарлардың кейіптерінде жылдамдықта өту керек. Солардың ішінде ең қиыны бұқалармен сайыс, судағы атракциондар мен қашықтықтағы кедергілерден өту.

Биылғы жылы «Намыс дода» сайысында Франция, Қытай, Алжир, Венгрия және Қазақстан бақ сынасуда. Қиын сынақтар, жарақаттар, көзжасы, алаңдау – осының барлығы финалдық сатылардан кейін артта қалады.

«Намыс дода» жарысына қатысушыларды қолдауға келіп, біздің қыз-жігіттердің жігерлі айқасына куә болыңыздар. Іс-шара 25 желтоқсанда сағат 20:00 Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан «Мега парк» ойын-сауық кешенінде өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу