Бүгінде жасы 105-ке келген Хидекити Миядзаки 100 метр ар қашықтықты 42,22 секундта жүгіріп өтіп, өзінің жасында рекорд жасады.
Мәреге жеткен соң Миядзаки 6 дүркін Олимпиада чемпионы, 11 дүркін Әлем чемпионы ямайлық Усэйн Болтаның «Найзағай» әдісін жасады деп хабарлайды segodnya.uа.
«Мен өзім қол жеткізген нәтижеге ризамын. Мен жүгіріп бара жатып көзіме жас алдым, өйткені мен өзімді тым баяу кетіп бара жатқандай сезіндім. Шамасы мен қартая бастаған сияқтымын» дейді желаяқ.