Жеңіл атлет Виктория Зябкина Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіл атлет Виктория Зябкина Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды

10.07.2015
Жеңіл атлет Виктория Зябкина Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина 200 метр қашықтықты 22:77 секундта жүгіріп, Кванджудағы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Екінші орынды АҚШ спортшысы Акейла Митчелл (22:95 с) иеленсе, қола жүлдені ямайкалық Даллас Кедиша Сабрина (23:24 с) жеңіп алды.

Осыған дейін Виктория Зябкина әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіруден Универсиада чемпионы атанған еді.

Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Кванджудағы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу