Универсиада-2015. Дмитрий Баландин жүзуден қола медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2015. Дмитрий Баландин жүзуден қола медаль иеленді

10.07.2015
Универсиада-2015. Дмитрий Баландин жүзуден қола медаль иеленді

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин (27:46) ерлер арасындағы 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу жарысында қола жүлде жеңіп алды. Ал, 1-ші орынды сербиялық Саба Силади (27:34) иеленсе, 2-ші орынға италиялық Андреа Тольято (27:41) тұрақтады.

Жарыстың бұл күні Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түскен еді. Әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіруден Виктория Зябкина Универсиада чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Кванджудағы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетуде.

 

 

Хабарламаларға жазылу