Семейде «Абай оқулары» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Абай оқулары» өтеді

15.10.2014
Семейде «Абай оқулары» өтеді

Ертең Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» өтеді. Шара XVI Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында ұйымдастырылмақ.

Мақсат – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін көрсетіп, Абай шығармашылығын насихаттау, еліміздің рухани бірлігін нығайту.

Байқауға еліміздің 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан 16 жас өрен қатысады.

Хабарламаларға жазылу