Алматыда «Абай оқулары» байқауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Абай оқулары» байқауы өтіп жатыр

22.11.2019

Алматыда студенттер арасында «Абай оқулары» байқауы өтіп жатыр. 

Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған көркемсөз жарысында 16 жоғары оқу орнынан 51 үміткер бақ сынауда. Қазылар алқасының шешімімен ақтық кезеңге 21 студент жолдама алған. Жарыстың шартына сай, қатысушылар хәкім Абайдың өлеңдерін екі тілде жатқа айтулары тиіс. Ал жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табыс етіледі. 

Нұрхан Нұрланұлы 


Хабарламаларға жазылу