Бұл туралы Риа Новости агенттігі хабарлайды.
Хорватияның Жоғары Бас Қолбасшысы саналатын Грабар-Китарович, Бас штаб бастығы Драго Ловричпен кеңесті. Өз кезегінде Бас штаб бастығы әскердің жоғары дайындығын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың барлығын қолданғанын жеткізді.
Соңғы кездері Хорватия Батыс Еуропаға бет алған босқындардың Сербиядан күрт көптеп ағылып жатқандығына алаңдаулы.
Осыған дейін мигранттардың бағыттары Сербиядан Венгрияға бағытталған болатын, алайда, Венгрия биілігі заңнамаларын қатайтып, шекараны жабуына байланысты босқындар легі Хорватияға қарай ағылды.