Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Чехия-Хорватия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Чехия-Хорватия матчын тікелей эфирде көрсетеді

17.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Чехия-Хорватия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «D» тобындағы Чехия мен Хорватия құрамалары арасындағы 2-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Чехия құрамасы 2012 жылғы Еуропа чемпиондары Испаниямен ойнап, 0:1 есебімен жеңілген болса, Хорватия құрамасы Түркияны 1:0 есебімен ұтқан.

Бұл ойынға дейін Чехия мен Хорватия құрамалары 2 рет кездескен. Хорватия 1 ойында жеңіске жетсе, 1 матч тең нәтижемен аяқталған.

FIFA рейтингінде Чехия 30-шы орында, Хорватия құрамасы 27-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Чехия-Хорватия матчының қайталауын ертең, 18 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 07:45-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу