Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Түркия-Хорватия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Түркия-Хорватия матчын тікелей эфирде көрсетеді

12.06.2016
Еуро-2016. Бүгін «Kazsport» телеарнасы Түркия-Хорватия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «D» тобының құрамалары Еуропа чемпионатына кіріседі. Алғашқы ойын Түркия мен Хорватия командаларының арасында өтпек. Бұл ойынды  «Kazsport» телеарнасы сағат 18:50-де назарларыңызға ұсынады.

Түркия құрамасы Еуропа чемпионатына биыл төртінші рет қатысып жатыр. Соңғы рет 2008 жылы қатысып, 3-ші орын иеленген болатын. Сондай-ақ, бұл Түркия құрамасының Еуропа чемпионатындағы ең үздік нәтижесі.

Ал, Хорватия Еуропа чемпионатына биыл 5-ші рет бақ сынайды. Осылайша, Хорватия бұл біріншілікке қатарынан 4 рет қатысқан. Хорватия құрамасы Еуропа чемпионатында ең үздік нәтижені 1996 және 2008 жылдары көрсетті. Ол кезде хорватиялықтар ширек финалға дейін жеткен еді.

Айта кетейік, Түркия-Хорватия матчының қайталауын ертең, 13 маусымда «Kazsport» телеарнасы сағат 08:25-те көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу