Ибрагим Ескендірдің шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ибрагим Ескендірдің шығармашылық кеші өтеді

16.09.2015
Ибрагим Ескендірдің шығармашылық кеші өтеді

Әнші Ибрагим Ескендір «Қазағым» атты әніне бейнебаян түсірді. «Жалпы, бейнебаян көңілімнен шықты. Себебі, бұл алыс-жақындағы қандастармен бірігіп түсірілген бейнебаян. Әнді Ұлыбритания, Қытай, Еуропа елдеріндегі қазақ студенттері бірігіп орындадық. Негізгі мақсат – қазақ баласы әлемнің қай бұрышында болса да туған елін, жерін, Туын, бірлігін ұмытпайды дегенді жеткізу. Бағасын халық бере жатар»,-дейді әнші.

Жуырда өткен «Алтын тұлпар» додасында Ибрагим Ескендір ат үстінде «Алтын тұлпар» әнін орындады. Бұл турасында өзі: «Атқа міну қазақ баласы үшін таңсық дүние емес.  Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының ашылу салтанатында керемет сөз айтты. «Біз, қазақ халқы, бабалар тұлпарының тұяғымен тарих жазған халықпыз»,-деді.

Расымен де, осындай ұлы даланы бабаларымыз ат үстінде жүріп қорғады, ат тұяғы жеткен жерге дейін жаулап алды. Қолында қамшысы бар, атқа мінген қазақ баласы ешқашан кеудесін бастырмайды. Осы себепті, қазағым деген азаматтардың құрметіне, «Алтын тұлпар» әнін жарыққа шығардық. Әннің стилі ерекше, этно-рокқа жақынырақ. Алдағы уақытта жалғасын табуы да мүмкін».

«Желтоқсан айында жеке шығармашылық кеш беруді жоспарлап отырмыз. Қазір соған дайындық үстіндеміз».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу