Ауа райы: Апта бойына ауа температурасы төмен болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Апта бойына ауа температурасы төмен болады

14.09.2015
Ауа райы: Апта бойына ауа температурасы төмен болады

Бүгін түнде ауа райы температурасы +3–5°С, солтүстік-батыстан соғатын жел 9–14 м/с дейін күшейеді. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +12–14°С дейін көтеріледі.

Ертең, 15 қыркүйекте елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9–14 м/с дейін күшейеді. Түнде ауа райы температурасы +1-3°С, күндіз 13–15°С жылиды.

16 қыркүйекте жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы  16–18°С, түнде +5–7°С күтілуде. Шығыс-оңтүстіктен 9–14 м/с жел соғады.

"Қазгидромет" РМК мамандарының хабарлауынша, елордада алдағы апта бойы ауа температурасы төмен болады, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу