Кездесу барысында Д.Қыдырәлі Мемлекет басшысына академияның қазіргі қызметі, жеткен жетістіктері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Қазақстан Президенті Түркі академиясының түркітілдес мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін жан-жақты әрі терең зерттеу тұрғысындағы қызметі маңызды екеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген зерттеулер нәтижесі түркі әлемінің рухани-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету үшін зор мәнге ие екенін айтты.
Д.Қыдырәлі академия халықаралық мәртебе алып, ЮНЕСКО, ИСЕСКО сияқты жетекші халықаралық ұйымдармен байланыс орнатқанын мәлімдеді. Академия жыл бойы халықаралық конференциялар өткізіп, экспедициялар ұйымдастырды, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялап, жалпы түркі тарихы туралы оқулық әзірледі.