Елордалықтарға нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен 52 тонна ет, 5 тонна қымыз, 127 тонна көкөніс, 11 тонна картоп, 35 тонна бақша өнімдері мен 55 мың дана жұмыртқа арнайы жәрмеңкеге шығарылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, биыл облыс бойынша 164 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, оған 500 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері мен 300 мың дана жұмыртқа шығарылған.
Аталған жәрмеңкелердің жалпы сомасы 2 милллиардқа жуық теңгені құрады.